Иран АҚШ-тың Катар мен Ирактағы әскери базаларына соққы жасады
Иран Катардағы америкалық әскери базаларға қарсы операцияны бастады.
Бұл туралы Иранның мемлекеттік теледидары хабарлады. Сондай-ақ Ирактағы АҚШ әскери базасына да шабуыл жасалды, деп хабарлайды РИА Новости.
Иран АҚШ базаларына қарсы ұйымдастырылған операция "Жеңіс жайлы сүйінші хабар" деген атауға ие екенін хабарлады.
Катар Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Иранның әуе соққыларынан құрбан болғандар жоқ.
Иран Катардағы америкалық базаларға қарай 10 зымыран және Ирактағы америкалық базаға 1 зымыран ұшырған. Сондай-ақ, Иранның қарулы күштері АҚШ-тың Қатардағы әл-Удейд әскери базасына соққы бергенін растады.
РБК мәліметтері бойынша, Иранның Ислам революциясының сақшылар корпусы (ИРСК) Қатардағы америкалық базаны зымыранмен атқылағаннан кейін мәлімдеме жариялады.
"Қарулы Күштер сапындағы ұлт ұлдарының шешуші әрекеттері Ақ үй мен оның одақтастары үшін айқын және біржақты: "Иран Ислам Республикасы Құдіретті Құдайға арқа сүйеп, исламдық Иранның сенушісі мен даңқты халқын арқаланып, оның аумақтық тұтастығына, егемендігіне және ұлттық қауіпсіздігіне ешбір жағдайда қол сұғушылықты жауапсыз қалдырмайды", – деді ИРСК.
Сонымен қатар Катар СІМ-нің болған жағдайға қатысты реакциясы жарияланды.
Ведомствоның хабарлауынша, Иранның соққысы Катар мемлекетінің егемендігі мен әуе кеңістігін, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқығы мен жарғысын өрескел бұзу болып табылады.