Мәдениет

“Кісілік қылмай, кішілік танытайын дедім”: бастығын кешірген Наркенже Серікбаева күндерін жылаумен өткізгенін айтты

Наркенде Серікбаева бастығын не себепті кешіргенін айтты

Әнші Наркенже Серікбаева өзіне қарсы айтылған пікірлерге қатысты жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, әлеуметтік желілердегі пікірлерді оқыған сайын жүрегі ауырған.

«3 күннен бері болып жатқан жағдайлардан хабардарсыздар. Босқа жылап ұпай жинайтын мен емес. Көзімнен шыққан жас ол менің ішкі жан айқайым. Әлсіз жаратылыспын. Әлеуметтік желідегі әр түрлі айтылып жатқан сыни пікірлерді де, қолдау хаттарды да бірін қалдырмай оқып отырмын. Оқи отырып жүрегім қарс айрылардай күй кешкенім жасырын емес», — деп жазды әнші.

Өзін ренжітіп қойған бастығымен татуласып, істі жапқан.

“Хайп үшін”, “неге аяғына дейін бармадың”, “жала жаптың”, “екі жүзділік” т.б деген сияқты пікірлерді де көріп көзімнің жасы көлдей болды. Мейлі. Көптің аузына қақпақ бола алмаймын. Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ бір нәрсе анық. Мен халықсыз ешкім емеспін! Елдің ішінен шықтым. Әкем де халық, анам да халық! Кеше Шымқалаға мен үшін уайымдап келген аға, әпкелерге, достарға рахмет! Тәкаппарлық қылмай, кешірім сұрап тұрса әкеңнің болса да құнын кеш деген қазақтай дана жұрттың жұрнағымыз ғой. Кісілік қылмай, кішілік танытайын дедім. Мақсатым аз қазақты алауыз қылу емес!»,  — деді Наркенже Серікбаева.