Қоғам

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін: СІМ пікір білдірді

Бали аралында есірткіге байланысты қылмыс жасады деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды

Индонезияның Бали аралында есірткіге байланысты қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған екі Қазақстан азаматына өлім жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  kazinform.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Индонезияда есірткі тасымалдау мен саудасына қатысты қатаң жаза қарастырылған. Бұған дейін бұл елде шетел азаматтарына қатысты өлім жазасы бірнеше рет орындалған, алайда 2017 жылдан бері аталған жазаға мораторий енгізілген.

Индонезия БАҚ-ының мәліметінше, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталған. Олардың жанынан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген, бұл үшін олар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондықтан өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы Елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеуде. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында",-делінген СІМ мәлімдемесінде.