Руслан Берденов қызметінен кетті
Руслан Берденов өзіне жасалған қастандықтан соң қызметінен кетті
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кетті. Ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 10-бабы 5-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз лауазымдық өкілетін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардан, қоғамдық және діни бірлестіктерден тәуелсіз және бейтарап болуға міндетті. Бүгінде Берденов Р.А. Respublica партиясының құрылымында қандай да бір басшылық лауазым атқармайды. Бұл ретте партия мүшесі ретінде қала береді", – деп мәлімдеді партия.
Айта кетсек, 2025 жылғы ақпанда Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді.