Айгүл Иманбаева ұлы мен келініне үлкен той жасады (ВИДЕО)
Тележүргізуші көпшілікке Айгүл Иманбаеваның келінін таныстырды.
Әнші Айгүл Иманбаева ұлы мен келініне арнайы то жасап берді. Олардың белгілі себеппен үйлену тойы болмай қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Анна Данченко желідегі парақшасында бөлісті.
«Айгүл Иманбаеваның шаңырағында қос қуаныш. Ұлы Аслыжанның үйленіп, балалы болғанын көбісі білмейді екен, себебі әншінің баласы жеке өмірін жария етуден алшақ. Жан-жары - Жансая, өзінен 2 жас үлкен. Екеуі бір саладан. Айсұлу есімді қыздары бар, бұйырса, жақында тағы да бөпелі болады. Бүгін Алматыда қос ғашықтың құрметіне дастархан жайылды. Белгілі себептерге байланысты үлкен үйлену тойлары болмады. Енді міне, Айгүл ханым ұлы мен келініне той жасап, артынша немересінің тұсаукесерін өткізді», - деп жазды журналист.