Басты жаңалықтар

Елімізде АЭС салу 14 миллиард долларға түсуі мүмкін

Қазақстанда атом электр станциясын салуға бюджеттен қанша шығын түсетіні айтылды.

Қазақстанда атом электр станциясын салу шамамен 14 миллиард долларға түсуі мүмкін. Бұл туралы Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұдан басқа ешқандай ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді.

“Бұл – осындай деңгейдегі станцияның әлемдік нарықтағы шамамен бағасы. Нақты құны техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) нәтижесінде анықталады. Алайда қазір бұдан артық ештеңе айта алмаймыз, себебі бұл ақпарат құпиялық туралы келісіммен қорғалған”, – деді ол үкімет кулуарында.