Қоғам

Аптап ыстық, жаңбыр: еліміздің үш ірі қаласына арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы ыстық, әрі жаңбырлы болады.

29 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада күн бұлтты әрі жаңбырлы болады. Кей уақыттарда найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні –  9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +13…+15°, күндіз +20…+22° болады.

Алматыда түнде бұлтты, жаңбыр мен найзағай. Күндіз жауын-шашын болмайды, бірақ бұлт сақталады. Жел батыстан соғады, екіпін –  3-8 м/с, түнде 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +17…+19°, күндіз ауа температурасы +30…+32°-қа дейін көтеріледі.

Шымкент қаласында бұлтты, бірақ күн жауын-шашынсыз болады. Жел – солтүстік-батыстан, жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +16…+18°, ал күндіз +31…+33° ыстық болады.