«Жігітіміздің абыройы үшін деп сабыр сақтап келдім»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовқа қатысты қауесетке жауап берді
Мөлдір Мұқанова күйеуі туралы сұрақтарға жауап берді.
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова күйеуіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айгүл Иманбаеваның ұлының тойында журналист Анна Данченко Мөлдірден Тұрсынбек Қабатов туралы қауесет туралы сұраған.
"Қазір халықтан жасыратын нәрсе қалмады ғой, сөздің шыны керек. Отбасымызда болып жатқан жағдайды жігітіміздің абыройы үшін деп сабыр сақтап келіп едік. Халықтың арасына шығып кетті", - деді Тұрсынбектің әйелі.
Сонымен қатар, Мөлдірдің жанында тұрған Нұрлан Еспанов оған артық сұрақ қоймауды ұсынды.
"Мөлдірге жаман нәрсе жаза бермеңіздерші. Күйініп кетуі мүмкін. Қыз баласы ғой. Қызды қолдасаңдаршы. Ол тәй-тәй басып, өнерге келіп жатыр. Ал біз аяқтан шала береміз, шала береміз", - деді әнші.