Мәдениет

«Бұл қыз ерекше»: Сәбит Әбдіқалықовтың үшінші әйелі Айгүл Иманбаеваның немересіне бағалы сыйлық тарту етті

Сәбит Әбдіқалықовтың өзінен 16 жас кіші әйелі Айгүл Иманбаеваның тойына барды.

Актриса, әрі продюсер Айгүл Иманбаеваның немересінің бір жасқа толған тойында Сәбит Әбдіхалықовтың қазіргі жұбайы Динара Абдуллина бағалы сыйлық жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Динара Абдуллина Айгүл Иманбаеваның немересіне өз атынан алтын сырға мен бриллиант сыйлады. Бұл туралы Анна Данченко жазды.

«Бұл қыз ерекше. Айсұлудың бақытына қарай, оған бір емес – төрт ата-әже бар. Біз де құшағымызды жайып, жақсы көреміз. Қолымыздан келгенше қамқор болуға тырысамыз. Бүгінгі туған күніне алтын сырға мен бриллиант тарту еттім», – деді Динара Абдуллина.

Айта кетсек, Сәбит Әбдіқалықованың үшінші әйелі өзінен 16 жас кіші. Оның үш әйелінен 8 баласы бар.

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ортақ ұлдары Асылжан 2023 жылы алғаш рет әке атанған болатын.