Израиль жаңа шабуылға дайындалып жатыр: Газа тұрғындарын үйін тастап кетуге бұйырды
Израиль әскері Газа секторының солтүстік және шығыс бөліктеріндегі, соның ішінде Джабалия босқындар лагеріндегі тұрғындарға шұғыл эвакуация туралы нұсқау берді.
Израиль қорғаныс армиясы солтүстік Газадағы бірқатар аудандардан тұрғындарды оңтүстікке эвакуациялануды бұйырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Еuronews басылымына сілтеме жасап.
Жексенбі күні Израиль әскері Газаның солтүстік бөлігінен палестиналықтарды жаппай эвакуациялауға жаңа бұйрық берді. Бұл аумақта ЦАХАЛ шабуылдарын күшейтуді жоспарлап отыр.
ЦАХАЛ өкілі Авихай Эдраидың айтуынша, солтүстік бөліктеріндегі бірнеше аудандар мен Жабалия босқындар лагеріндегі халық Муваси ауданына, оңтүстікке қарай көшуі керек.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Вашингтонға сапары жоспарланғанын хабарлады.
АҚШ президенті Газадағы қақтығысты тоқтату туралы мәлімдеме жасағаннан бірнеше сағат бұрын Израиль аймаққа соққы жасады. Жарылыстан кемінде 60 адам қаза тапқанын палестиналық медицина мекемелерінің хабарлады.
Бомбалау жұма күні кешке басталып, сенбі таңына дейін жалғасты. Марқұмдардың мәйіті “Аль-Шифа” ауруханасына жеткізілді.
"Газада келісімге келіңдер. Тұтқындарды қайтарыңдар" – деп жазды Трамп жексенбі күні таңертең әлеуметтік желіде.
Ол екі күн бұрын атысты тоқтату туралы келісім келесі аптада жасалуы мүмкін екенін айтқан болатын.