Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болды.
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 8 маусымда Президент Жарлығымен Марат Қарабаев көлік министрі лауазымынан босатылған еді.