Саясат

Парламент депутаттары каникулға кетті

Депуттаттар парламенттің сегізінші шақырылымының үшінші сессиясын аяқтап, каникулға кетті.

Қазақстанда Парламент депутаттары демалысқа кетті. Келесі сессия қыркүйекте басталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

30 маусымда Парламент палаталарының биылғы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың жұмыс қорытындысын шығарды.

"Бүгін сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының жұмысын аяқтағалы отырмыз. Біз өз өкілеттігіміздің тура бел ортасына келдік. Іс жүзінде бұл – бірлесе атқарып жатқан жұмысымыздың маңызды кезеңі, межелі белесі", - деді ол.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттарының қазіргі құрамы 2023 жылы наурызда сайланды. Сенат сайлауы сол жылы желтоқсанда өтті.