Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда кондуктордан таяқ жеген әйел министрге шағымданды

Алматыда кондуктордан таяқ жеген әйел министрге шағымданды
ашық дереккөз
Тексеріс барысында кондуктордың мас болғаны анықталды.
Қалалық автобуста кондуктордың соққысына ұшыраған Алматы тұрғыны ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа шағым түсірді. Әйел адамның арызы Қасымовтың блогында жарияланған — оның айтуынша, маусымның соңында мас кондуктор өзіне қол жұмсап, салдарынан көзі көгеріп, беті ісіп, миы шайқалған екен. Ал жүргізуші араша түсудің орнына үн-түнсіз қарап тұрыпты. Ол Қасымовтан маскүнемдікке бейім, жүйкесі жұқа адамды жұмысқа алған автопаркті жазалауды сұрайды. Қасымов берген жауабында хабарлағандай, №16 автобуста жолаушыны ұрып-соғу жайты "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелген. Күдікті ер адам ұсталып, одан жауап алынды. Кондуктордың мас болғаны анықталған. Қасымов айтқандай, бұл іс бойынша заңды процестік шешім қабылданады. Министр тергеудің барысы мен нәтижесі жайлы әйел адамды үнемі хабардар етіп отыруға уәде берді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар