Мәдениет

“Алла берген тоқтатпа өнеріңді!”: Төреғали Төреәлінің әкесі ұлына ақыл айтты

Төреғали Төреәлінің “сахнадан кетемін” дегеніне әкесі жауап берді.

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі ұлына ақыл айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Төреәлі Төлепов Instagram парақшасында ұлының «сахнадан кетемін» деген шешіміне құптамайтынын және оған өнерді тастамауға кеңес берді.

«Жаңалықты оқып ап, не дерімді?

Сенбесімді білмедім сенерімді. 

Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың

Көп жастар алар еді сенен үлгі.

Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым

Мен саған беріп келем берерімді.

Алла берген тоқтатпа өлеңіңді

Алла берген тоқтатпа өнеріңді!!!», - деп жазылған жазбада.

Еске салсақ, әнші Төреғали Төрәлі инстаграм парақшасына «бәрін тоқтаттым» деп жазба қалдырған болатын.