Қоғам

Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжанның бас прокуратурасы мәлімдеме жасады

Әзербайжан бас прокуратурасы AZAL әуе компаниясы ұшағына Ресей әскери күштері тарапынан соққы жасалды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Әзербайжанның бас прокуратурасы Ресей қорғаныс министрлігінің ұшақ апатына қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзербайжан бас прокуратурасы БАҚ-та тараған AZAL әуе компаниясы ұшағына Ресей әскери күштері тарапынан соққы жасалды деген ақпарат мұқият тексерілетінін мәлімдеді. Ұшақ апатына байланысты тергеу әлі де жалғасуда.

“Жалпы, кез келген оқиға бойынша БАҚ-та тараған ақпараттар міндетті түрде тексеріліп, тергеу органдарына беріледі. Сонымен қатар, ақпараттың қайдан және қандай негізде таралғаны да тергеу аясында зерттеледі. Бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме де дәл осындай тәртіппен тексерілуде”, – деді Әзербайжан бас прокуратурасының тергеу басқармасы бастығы Немәт Авазов.

Еске салайық, бұған дейін апатқа ұшыраған ұшаққа "оқ атуға бұйрық берген" ресейлік капитанның хаты тараған болатын.