Қоғам

Ақтөбеде 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсады: бір жыл бұрын марқұмды 11-сынып оқушысы зорлаған

Ақтөбеде 15 жастағы қыз ғашығы болған 11-сынып оқитын жігітінен қорлық көріп келген.

Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлаған. Бір жылдан кейін оқушы қыз 29 сәуір күні өз өміріне қол жұмсады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

НеМолчиKZ қорының жазуынша, 15 жастағы Лананы сүйіктісі болған 11-сыныпта оқитын жігіті зорлаған. Сол күні кешке қызға біреу телефон соққан. Содан кейін ол үйінің шатырына шығып, асылып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт қызды көшеде ұрып, тепкілеген көрінеді. Қыз ата-анасына ештеңе айтпаған.

«Лана зардап шеккен. Өзін кінәлап, ашуланып жүрген. Ең қорқыныштысы — ол «Маған ешкім сенбейді» деп ойлаған. Бір жазбасында: «Оның мені үнемі зорлағысы келетінін түсінбедім» деп жазған. Тағы бір жерде: «Мен айқайладым, бірақ ол мені бәрібір зорлады» деген», – деп жазады қор.

Ақтөбе облысында Мәртөк ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама жүргізілді.

«Барлық дәлелдер мен куәліктерге қарамастан, тергеуші Б. Агзамов істің мерзімін тоқтатып, қыздың телефон деректерін зерттемейді. Іс тек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге әкелу) бойынша ғана қаралып жатыр. Мұндай істер жиі формальды түрде жүргізіліп, архивке өтеді. Туыстары адвокат жалдағанға дейін іс екі ай бойы үзіліп тұрды», – деп толықтырды НеМолчиKZ.