Басты жаңалықтар

“Семіздік азаяды”: жаңа оқу жылында мектептерге жаңартылған мәзір енгізілмек

Жаңа оқу жылынан бастап жаңа ас мәзірі енгізіледі.

Балалардың арасындағы семіздік 15 пайызға дейін төмендейді. Жаңа оқу жылынан бастап мектептерге жаңартылған мәзір енгізілмек. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі жауапты сала мамандарымен кездесіп, жаңа стандарт енгізу жолын пысықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жаңартылған мәзір бойынша балалардың күнделікті тамағына көкөніс, жеміс, дәнді дақыл, ақуыз және сүт өнімдерін молырақ енгізу көзделген. Сарапшылардың айтуынша, стандарт талаптарын қатаң сақтау екінші типті қант диабетін — 20 пайызға, артерия гипертензиясын — 18 пайызға, ал балалар арасындағы семіздік пен басқа да созылмалы ауруларды 15 пайызға дейін азайтуға ықпал етеді.

Өңірлерде ата-аналар, оқушылар мен педагогтер қауымдастығы тарапынан негізделген ұсыныстар болған жағдайда, мәзір сол ұсынысқа сай немесе белгілі бір өзгеріспен бекітілуі мүмкін.