Қоғам

+46°С дейін ыстық болады: 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде күн қатты ыстық болатынын ескертті.

Қазгидромет синоптиктері 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астанада күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан екпіні жел 18 м/с соғады. Күндізгі уақытта +35 ° C дейін ыстық болады.

Ақмола облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл соғады. 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндізгі уақытта күн +35 ° C дейін ысиды. 

Көкшетауда — найзағай, бұршақ, дауыл, жел 18 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыста тұман түсіп, найзағай ойнайды. Күндіз батыста және солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары. 

Петропавлда күн күркіреп, бұршақ жауады, жел 20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстікте температура +35 ° C дейін көтеріледі. Оңтүстік-батыста өрт қаупі өте жоғары. 

Қостанайда найзағай ойнайды.

Қарағанды облысында оңтүстікте +40°С дейін ыстық болады. Батыста, шығыста және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі бар. Басқа аймақтарда күн +35 ° C дейін ысиды.

Ұлытау облысында оңтүстікте +40°С дейін ыстық болады. Батыста, оңтүстікте және шығыста өрт қаупі өте жоғары, орталықта жоғары болады. 

Жезқазғанда +37°С дейін ыстық болады.

Павлодар облысында батыста өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстікте +42°С дейін ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. 

Өскеменде күн күркіреп, бұршақ жауады, жел 18 м/с күшейеді.

Абай облысында солтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Шығыста жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Оңтүстікте 4-5 шілдеде +42°С дейін ыстық болады.

Алматы облысында батыста, солтүстікте және орталықта күн +42°С дейін ысиды. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. 

Қонаевта +42°С, Алматыда+39°С дейін ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстікте, оңтүстікте және орталықта температура +42°С дейін көтеріледі. 

Алакөл аймағында жел 20 м/с күшейеді. 

Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда +43°С, кей жерлерде +45°С дейін ыстық болады. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. 

Таразда +40°С дейін ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында 3 шілдеде шөлді аймақтарда  +46°С дейін ыстық болады. 4-5 шілдеде батыста және оңтүстікте — +46°С дейін ыстық болады. Шаңды дауыл тұрады. 

Түркістанда +46°С, Шымкентте +43°С дейін ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында оңтүстік пен шығыста +46°С дейін ыстық болады. Солтүстікте шаңды дауыл, 20 м/с жел соғады. 

Қызылордада +43°С дейін ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстікте және шығыста күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Оңтүстікте +35 ° C дейін ыстық болады.

Атырау облысында батыста және оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Жел 20 м/с дейін жетеді. Оңтүстікте +38 ° C дейін ыстық болады. Батыста, оңтүстікте және орталықта жоғары өрт қаупі, солтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтауда шаңды дауыл соғады, жел 20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жауады. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Оралда найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 18 м/с күшейеді.