Қоғам

“Иттерді мазақ етіп, ызаландырды”: Алматы облысында балаға шабуыл жасаған иттердің иесі өз нұсқасымен бөлісті

Иттің иесі қоршауда тұрған оларды екі баланың ашуландырғанын айтты.

Алматы облысындағы Жалпақсай ауылында 10 жасар баланы талаған иттердің иесі өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оңалту орталығының директоры, иттердің иесі Алмаз Халиев сол күні бала иттерді өзі ашуландырғанын айтады.

"Балалар орталықтың қоршауының жанында ойнап жүрген. Бір уақытта қоршауға көтеріліп, иттерді мазақ етіп, ызаландырды. Аулада бес айлық екі күшік болды. Үлкен иттер қоршауда отырды. Екі бала иттерді ашуландырды. Бір кезде баланы екіншісі күзетілетін аумаққа итеріп жіберді. Бізде балалардың аумаққа бара жатқаны түсірілген видео бар. Содан кейін олар көзге көрінбей, тек дауысы шығып жатты. Бала жерге құлап, айқайлай бастады. Екіншісі қашып кетті. Шамасы, ол көмекке адам шақырғысы келді", – дейді Халиев.

Халиевтің сөзінше, бала жабық қақпадан өте алмай қалған. Және оны күшіктер талаған. Сондай-ақ, ол жануарларды ұстау ережелерін сақтайтынын және қоршауда бес жылдан бері "Абайлаңыз, зұлым иттер" деген белгі ілініп тұрғанын айтты.

"Бала жабық қақпадан өте алмай қалған. Оны баланы құтқарған адам ашты. Ол кісі баланы алып шығу үшін есікті ашып, ішке кірді. Ер адам аумаққа кіріп, екі күшікті сол жерде пышақтаған. Жалпы, олар дәрменсіз күшіктер. Ал ер адам болса оны пышақтап тастады. Енді ол кісі оқиғаның күзетілетін аумақтан тыс жерде болғанын айтып отыр. Иттер ешқашан аумақтан тыс жерде жүрген емес. Бұл жағдай сыртта емес, іште болды", – дейді орталық директоры.