ҚТЖ-ның жаңа төрағасы сайланды
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа басқарма төраға тағайындалды.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы болып Талғат Сағиұлы Алдыбергенов тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талғат Алдыбергенов бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Жаңа төрағаны ұжымға "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов таныстырған.
Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жолы:
1992-1998 жылдары – Батыс Қазақстан теміржолында тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
1998-2007 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" АҚ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" МКД директоры, "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
2008-2019 жылдары – "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС бас директоры, Kazakhmys Maker ЖШС басқарма төрағасы.
2024 жылдан бүгінге дейін "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.