«Құрдастарға мәңгілік махаббат»: актриса Құралай Анарбекова тұрмысқа шықты
Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды.
Белгілі актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова қалыңдық атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сүйінші жаңалықты журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетсек, көпшілікке Құралай Анарбекова «Брат или брак» фильміндегі басты рөлі арқылы танымалдылыққа ие болды.