Мәдениет

«Көмектесіңдер, мені өлтіріп жатыр»: қазақстандық белгілі рэпердің әйелі күйеуінің оны белбеумен бір сағат сабағанын айтты (ВИДЕО)

Қазақстандық рэпер Дамир Қойшыбаевтың әйелі күйеуінің ұрғанын айтып, көгерген денесінің фотоларын жариялады.

Qurt лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Дамир Қойшыбаевтың әйелі Аружан Қойшыбаева күйеуінен таяқ жегенін айтып, көгерген денесін желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 маусым күні болған.

«Бұл жағдай таңғы сағат 10-да болды. Ол мені бір сағат бойы белбеумен сабады. Белбеу үзіліп қалып еді, басқа белбеумен ұрды. Мен пәтерден қашып шыға алмағандықтан, «көмектесіңдер, құтқарыңдар, мені өлтіріп жатыр» деп айғайлай бастадым. Даусымды естіген көршілер мені құтқарып қалды. Мен оны қатты жақсы көргендіктен бұл жағдай туралы айтуға қорықтым. Бірақ ол өз іс-әрекетіне еш өкінген жоқ. Денедегі жарақаттың барлығы тіркелді, ертең арыз жазамын. Ол достарымен келіп, мені видеоға түсіріп, «менің оған еш шағымым жоқ» деп айтуға мәжбүрледі. Кейбір достары маған қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Мен не істерімді білмеймін», - деп жазған рэпердің әйелі.

Аружан күйеуі жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қорқады.