Қоғам

Алматы облысында 10 жасар баланы ит талады: анасы ит иесін сотқа бермек

Жалпақсайда ит талаған баланың анасы ит иесінің жауапкершіліктен қашып отырғанын айтты.

Алматы облысындағы Жалпақсай ауылында ит талаған 10 жастағы баланың анасы қабаған иттердің иесін сотқа бермек, деп хабаралйды KYN.KZ ақпарат агенттігі NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап .

Баланың анасы Екатерина Бурмистрова мәлімдеуінше, иттердің иесі өтемақы мен моральдық шығын төлеуден бас тартып отыр.

"Онымен сөйлескім келмейді, бәрі сот және адвокаттар арқылы болады. Сол күні ол маған келіп, көмектесемін дегендей болды. Бірақ кейін біздің құтқарушымыздың үстінен арыз жазып кеткен. Қазір ол әйелі арқылы менімен сөйлеспекші, бірақ мен жауап беріп жатқан жоқпын", – дейді Екатерина.

Анасы Максимнің жағдайы тұрақты ауыр екенін айтады. Ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

"Дәрігерлер әзірге ештеңе айтпай отыр. Арасында есін жияды, бірақ қайтадан ауырғанын сезбеуі үшін наркоз қояды. Құлағы жоқ, қалпына келтіруге бола ма, білмейміз. Әзірге күту керек екенін айтты", – дейді Екатерина.

Айта кетсек, желіде оқиға орнынан бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Ол жерде жүгіріп жүрген екі баланы көруге болады. Иттердің балаға шабуыл жасаған сәті көрсетілмеген.