Қоғам

Түркияда шілдеде қалың қар жауды

Түркияға қар жауып, көпішлікті таңғалдырды.

Түркияның Ризе мен Трабзон қалаларында шілдеде қар жауып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл қалалардың таулы аймақтарына қар түсіп, жергілікті тұрғындар мен туристерді таң қалдырды.

Жергілікті метеорологтар жылдың бұл мезгілінде өңірде мұндай жағдайлар сирек кездесетінін айтады.

Қар Чамлыхемшин, Хемсин және Икиздере сияқты таулы ауылдар мен аңғарларға түскен.