Астана күнінде 39 сәби дүниеге келген
6 шілде Астанада қала күні қанша нәресте туылғаны белгілі болды.
6 шілдеде түнгі сағат 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін елордада 39 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінесілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін елордада 39 нәресте дүниеге келді: олардың 22-сі – ұл, 17-сі – қыз бала.
Жүкті әйелдер қаладағы №3 көпбейінді ауруханада, №2 көпбейінді ауруханада, Перинаталдық орталықта, сондай-ақ "Рахат" және өзге де жекеменшік клиникаларда босанған.
"Дүниеге келген сәбилер мен аналардың жағдайы жақсы, барлығы қажетті медициналық күтіммен қамтамасыз етіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Дәрігерлер бұл күннің ерекше маңызын атап өтіп, дәл осы күні дүние есігін ашқан әрбір сәбиді отбасына берілген баға жетпес сыйлық әрі қала күнімен тұспа-тұс келген жаңа өмірдің нышаны деп бағалады.