Қоғам

Антальяда торда тұрған арыстан қашып кетті: адамға шабуыл жасаған

Антальяда торда тұрған жерінен қашып кеткен арыстанды дронмен іздеп жатыр.

Түркияның Анталия қаласында жануарлар паркінде тұрған арыстан тордан қашып шығып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жыртқыш аң жергілікті тұрғынға шабуыл жасаған.

Hürriyet газеті оқиға түнгі уақытта — шамамен сағат 02:00-де орын алғанын жазады. Вольерден шығып кеткен арыстан таңғы 05:00 шамасында зообақтан бір шақырымдай қашықта жүрген Сүлеймен Кыр есімді азаматқа шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілген.

Арыстанды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғадан кейін ауданға полиция мен жандармерияның арнайы жасақтары жіберілді. Қазіргі уақытта арыстанды іздестіру операциясы жалғасып жатыр, оған дрондар да тартылған.