
Желіде Бішкектегі Sheraton қонақүйінде болған жанжалдың видеосы тарап кетті Кадрлардан танымал қырғызстандық биші Жан Воиновты байқауға болады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бішкектегі Первомай аудандық ішкі істер басқармасы бұл оқиға 30 маусымда түнгі 01:00 шамасында болғанын растады. Үш қыз милицияға арыз жазған.
1 шілдеде қыздарды суға итерген жігіттің кім екені анықталды. Ол 31 жастағы А.Р. болып шықты. Сол күні ол ұсталып, бір айға тергеу изоляторына қамалды.
Бүгін Бішкекте биші әрі кәсіпкер Жан Воиновтың екі күзетшісі ұсталғаны белгілі болды.
"Бұл іс бойынша тағы үш адам, оның ішінде Жан Воиновтың әйелі Зарина да қамауға алынуға тиіс. Бірақ оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін алға тартып, қамауға алынбай отыр. Алайда заң бойынша, оны кем дегенде уақытша ұстау изоляторына қамау керек еді, одан кейін сотқа жеткізіліп, бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс болатын", – деді адвокат Шердор Абдықапаров.