Мәдениет

“Халық болып бұл күнді асыға күттік”: әке атанғалы жатқан Елдос Колобокқа Ләйлә Сұлтанқызы көмектескен

Елдос Колобок сүйінші жаңалығымен бөлісті.

Ұзақ уақыттан бері сәби сүйе алмай жүрген Елдос "Колобок” жақында әке атанады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Блогердің бұл қуанышына тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы себепкер болған.

“Мен ғана емес, халық болып бұл күнді жылдар бойы асыға күттік. Алланың мейірімі шексіз! "Мариям" қорының да үлесі зор. Қорымыз жұмысын бастай сала, қарапайым отбасылардан бөлек, бала сүйе алмай жүрген танымал жұптарға да кеңес беріп, көмектескім келді. Өзіміз кішігірім тізім жасаған едік... Ішінде Елдос пен әйелі де болды. Әйеліне өзім жаздым. Байланыстық, бірақ бірден іске кірісе алмадық. Әбден созылып кетті. Себебі оларда бәлкім сенімсіздік те болған шығар... Араға қаншама ай салып өздері байланысқа шықты", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Айтуынша, жүктілікке дайындалуды құпия ұстаған. Бірақ біріншісі сәтсіз аяқталыпты. 

“Ешкімге көрсетпей, клиниканың артқы есігінен кіргізіп, барынша құпия сақтап, қанша ай отаға, эмбрион тасымалына, жүктілікке дайындалдық. Бірақ өкінішке қарай біріншісі сәтсіз аяқталды. Жаратқанға шүкір осындай қуанышқа мені де себепші қылып қойған", - деді қуанышын жасыра алмаған тележүргізуші.