Қоғам

Қостанай облысында АИТВ жұқтырған ер адам өгей қызын зорлаған

13 жастағы қызды АИТВ жұқтырған өгей әкесі зорлаған.

Қостанай облысында АИТВ (Адам иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аталмыш оқиға Қостанай облысындағы аудандардың бірінде болған.

“Өгей әке қызды оның анасы үйде жоқ кезде зорлаған. Ол АИТВ инфекциясын жұқтырған адам болған. Абырой болғанда, қыздың денсаулығына зиян келмеді, ауру жұқпаған”, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.