Мәдениет

«Балапан, біз сені күтеміз»: Елдос Колобок пен әйелі гендер-пати жасады (ВИДЕО)

Гендер-пати жасаған Елдос Қадырханов пен әйелі қуаныштан жыдап жіберді.

Белгілі блогер Елдос Қадырханов (Колобок) пен әйелі гендер-пати жасап, қуаныштан көздеріне жас алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ерлі-зайыпты сәбиді тоғыз жыл күткен. Блогерлер жақындарын жинап, гендер пати жасады.

"Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз", - деп жазған ол гендер патиден видео жүктеді.

Видеодан олар ұл бала күтіп жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары жаппай ізгі тілектерін жаудырды. Олармен бірге қуанып, жүректері елжіреді.

"Еріксіз жас келді! Аман есен дүниеге келіп, несібесін арттыра берсін", "Көптің тілегі қабыл болады деген осы ма ағайын?", "Аллаға сансыз мадақ" деп жазды олар.