Қоғам
Бұрынғы бас санитарлық дәрігер Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:43
- 33

Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке келді.
Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (әлеуметтік жұмыс бойынша) болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, 2024 жылғы шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.