«Ауыр сөздер айтып, жазып жеке шекарамнан өтті»: Меруерт Түсіпбаева не үшін Баянды «қоянға» теңегенін айтты
Меруерт Түсіпбаева өзінің Баян Алагөзова туралы айтйқан сөзіне қатысты түсініктеме берді.
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова туралы айтқан пікіріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Халқым!!! Кешеден бері хит болған видео туралы бір ауыз сөз! Жазуға ерініп едім, сұхбат сұрап жатыр адамдар, телефоным жарылады. Ескі видеоны, сөзсіз бір апам салғызып отыр. Сұрап жатқандарға түсініктеме 5-6 жыл бұрын, мемлекеттің қаржысына Баян сериал түсірген… Ол эпос жарамсыз болып , Ұлттық арнаның прокатынан алынған! Сол кезде, мен жазғанмын , халықтың ақшасына түсірілген сериал, жарамсыз болса, ақша мемлекетке қайтарылып, басқа адам түсірсін деп. Өйткені, дәл сол кезде Тұңғышбай ағамыз да, түспей қалған киносы үшін, ақшаны қайтарып жатқан», - деп жазды әнші.
Бұдан бөлек Меруерт Түсіпбаева өзінің Баян туралы айтқан виедосы бірнеше жыл бұрынғы екенін және оны біреу қиып салғанын айтты.
«Соны жазып едім, мен туралы Баян, ол кім?! Қандай әні бар?! Аянбай тағы басқа ауыр сөздер айтып, жазып жеке шекарамнан өтті. Қазір аса мәдениетті болып, дым көрмегендей болып отыр ғой, ол да сынаған мені… Не белая и пушистая. Сосын , какой привет — такой ответ, менде сұхбат беріп , кешегі сөздерді айттым. Енді, казір #инфоатака жасалып жатыр!! Содан, казір бұл видео кесіліп бергендіктен, адамдар түсінбей, мынау Баянға неге тиісіп жатыр деп жатыр?! Сіздер, мән жайды біліп жүріңіздер!! Мемлекеттің ақшасы — ол біздің төлеген салықтан құралады. Тұңғышбай аға ақшаны қайтарды, Баян да қайтарсын дедім. Мұның несі қате?! Талай жыл өткен видеоға, бірінші рет көргендей неге қадалып жатыр ?! Жарамсыз сериалға ақша қайтару мерзімі өтіп кетті ме?!», — деп жазды әнші.