Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті

Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті
Сурет: видеодан скриншот
Түркістан облысында жанармай құю бекетіндегі жарылыстан 29 жастағы бензин таситын көлік жүргізушісін күйік шалды.

Түркістан облысында жанар-жағар май құю станциясында жарылыс болып, бекеттің жанында тұрған нысандар да қирап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жарылыс Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында болған. Түскі уақытта бекеттің цистерналарына бензин құйып жатқанда жалын шығып, жанармай құю бекетінің күлі көкке ұшқан. Бекетті әп-сәтте отқа ораған қызыл жалын жанында тұрған сауда үйі, дәріхана мен дүкенге де шарпыды. 

Өрттің жалпы аумағы 855 шаршы метр. Оны сөндіруге облыстан өзге Шымкенттен де мамандар келіп, техника тартылып, бәрі төрт сағат бойы өртпен алысты. Оқыс оқиға кезінде 29 жастағы бензин таситын көлік жүргізушісі зардап шекті. Оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр.

“Алдын ала қойылған диагноз, өрттен кейінгі 3-ші, 4-ші дәрежедегі күйік. Күйік мөлшері 85-95%. Науқастың жағдайы өте ауыр, травматикалық шок. Қазір дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін атсалысып жатыр. Облыстан комбустиолог дәрігерлер кеңесін беріп кетті. Науқас жансақтау бөлімінде үздіксіз емделіп жатыр”, – деді Қазығұрт ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дәулет Сағатұлы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар