Еліміздегі белгілі университеттен Назарбаевтың есімі алынатын болды
Елбасы атындағы оқу орны бұдан былай ҚР Ұлттық қорғаныс университеті деп аталатын болды.
Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертілмек. Бұдан былай оқу орны ҚР Ұлттық қорғаныс университеті деп аталатын болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы» үкімет қаулысына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген», - деп жазылған құжат жобасында.
Жобаны талқылау 18 шілдеге дейін жалғасады.