“Жағдайы ауыр”: Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті
Жол апатына түскен Алматы облысы әкімінің орынбасары шұғыл ауруханаға жеткізілген.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады. Қазір шенеуніктің жағдайы ауыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 8 шілдеден 9-на қараған түні облыстағы тас жолдардың бірінде болған. Жол апатынан Масабаев көптеген дене жарақаттарын алған. Ол шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Дәрігерлердің мәліметінше, Масабаевтың миы шайқалған. Сондай-ақ кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты, қабырға сүйектерінің көгеруі мен сынуы анықталған.