Мәдениет

«Баласы бар жандар, шүкір қылайық»: Жахан Отарғалиев 16 жылдан бері сәби сүйе алмай жүргенін айтты (ВИДЕО)

Жахан Отарғалиев әке атанғалы жатқан досы Елдос Колобокты құттықтады.

Белгілі актер, продюсер Жахан Отарғалиев 9 жылдан кейін әке атанғалы жатқан досын құттықтап, қатты қуанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында блогерді құттықтап, өзінің де 16 жылдан бері әке атана алмай жүргенін айтты.

”Колобок үшін қуаныштымын. Видеосын бәріміз көрдік, жыладық. Қандай керемет сезім. Енді үмітімізді үзбейміз, Алла нәсіп етсе. 16 жыл күттік, тағы да сәл шыдаймыз. Алла береді ғой. Мен Елдос бауырым үшін қуаныштымын. Үнемі бір-бірімізге қолдау көрсететінбіз. Алланың берері көп болсын. Колобокке қызығып, менде де болса екен деп гендер патидің идесын жазып тастадым. Дәл қазір баласы бар жандар, шүкір қылайық. Өмірде отбасыдан артық не бар?! Ақша, байлық келеді, кетеді. Мәселесі жоқ адам жоқ. Маған да көп адам жазып жатыр. Сені танымайтын, бірақ сен үшін дұға жасайтын жандардың барына Аллаға шүкір. Алла қаласа, бізде де жаңалық болады. Мен сенемін Аллаға”, — дейді ол.