Танымал тележүргізуші қырыққа жақындаған шағында сүйіктісіне ұсыныс жасады
Асқар Мендібаевтің жап-жас сүйіктісіне сүйсінгендер қатары көп болды
Тележұлдыз жаңа өмірге қадам басқаны жайлы инстаграм парақшасында көпшілікпен бөлісті. Өзінің меншікті мерексеіне сәйкес келген романтикалық оқиға анасының көз алдында өрбіген.
“Жаңа отбасының құрылуы. Өз туған күнімде ұсыныс жасауды жөн көрдім. Сыйлық осы. Анашым мен Айым” Иә, Меңдібаевтың жүрегін жаулаған арудың есімі – Айым Кәріпжанқызы. “Ол “иә” деп жауап берді. Мен оны өмір бойы іздедім, ал ол жанымда болыпты”, – деп қуанышымен бөлісті тележүргізуші.
Желі қолданушылары: "Көптен күткен қуаныш, бакытты болыңдар!" сынды құттықтау сөздер жазып, қуаныштарын білдіруде.