Қоғам

Перизат Қайрат “соққыға жығылғанын“ мәлімдеді: СИЗО-дан видео жарияланды (ВИДЕО)

Перизат Қайрат өзіне мекеме қызметкерлері күш көрсеткенін айтып, прокуратураға арыз түсірген.

Астананың полиция департаменті 1,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың "тергеу изоляторы қызметкерлері соққыға жықты” деген мәлімдемесіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Перизат Қайрат 9 маусым күні прокуратура органдарына өзіне мекеме қызметкері күш көрсеткенін айтып, арыз түсірген.

"9 маусымда тергеудегі П.Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген. Бұл арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы Полиция департаментіне жолданып, қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды", - деп жазылған хабарламада.

Алайда, алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмаған. Перизат Қайрат камера есігін жабу кезінде оған дене жарақаттарын салғаны туралы мәлімдеген. Бұған оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды.