Арулар

Ғашық болып қалған: Үндістанда алты баланың әкесі ұлының қалыңдығымен қашып кетті

Ер адам өзінің ұлы үйленгелі жүрген қызбен бірге үйдегі ақшаны алып, қашып кеткен.

Үндістанда алты баланың әкесі отбасылық жинақтарды ұрлап, кәмелет жасқа толмаған ұлының қалыңдығымен бірге қашып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі NDTV сайтына сілтеме жасап.

Әйелінің айтуынша, ер адам 15 жастағы ұлының қалыңдығының үйіне жиі барып тұрған. Уақыт өте келе ол жас қызға ғашық болған. Әйелі олардың телефон арқылы жиі сөйлесіп жүргенін де естіген.

Күтпеген жағдайда ер адам үйден 200 мың рупий (шамамен 1,2 млн теңге) және алтын әшекейлерді алып, із-түзсіз жоғалған. Сонымен қатар ұлының қалыңдығы да жоғалып кеткен. Әйелінің пайымдауынша, олар бірге қашып, некеге тұрған.