Қоғам

Алматы облысында 10 жасар баланы ит талады: ер адам марапатталды

10 жасар баланы талаған иттерден құтқарып қалған ер адамға құрмет көрсетілді.

Алматы облысында 10 жасар баланы иттен арашалап қалған ер адам марапатталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қарасай ауданының әкімдігі Серікбек Сақайбаевқа құрмет көрсетті. Оған арнайы марапаттау шарасы ұйымдастырылған.

"Бұл – нағыз азаматтық, батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі", - дейді әкімдік өкілдері. 

Шара барысында Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстаған.

Аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды. 

Сондай-ақ, Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері зардап шеккен балаға тезірек сауығып кетуін тілеп, бұл істі толығымен бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.