+ 44 градус ыстық болады: 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің кейбір өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Кейбір өңірлерде 44 градусқа дейін күн ыстық болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстанның батыс өңірінде жоғарғы қысым алабының әсерінен ыстық әрі ашық ауа райы күтіледі. Ал Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Орталықта, 10-11 шілде күндері оңтүстік-шығыста, 11-12 шілдеде солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады деп болжануда. Барлық аймақ бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз республиканың батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты аптап ыстық +40-44 градус болады.
Солтүстік өңірлерде күндізгі температура 22-27 градустан 17-23 градусқа дейін төмендейді. Шығыста температура негізінен 20-28 градус жылы болады. Оңтүстікте ауа температурасы 25-37 градустан 38-43 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста күндіз термометр бағандары 25-30 градус жылыны көрсетеді.