Қоғам

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жасөспірім өлі табылды

Еріктілер тобы Алматы тауларында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімнің өлі денесін тапты.

Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірімнің өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Lider.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.

"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге 40-тан астам адам – Алматы қалалық құтқару қызметінің (109), республикалық жедел-құтқару жасағының, ТЖД, шекара қызметінің, полиция мен еріктілердің қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар тартылды.