«Бәрі жақсы болады»: Мадина Сәдуақасова Тұрсынбектің әйеліне қолдау білдірді
Мадина Сәдуақасова мен Мөлдір Мұқанова отбасылармен бірге Түркістанда жүр.
Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова соңғы кезде жұртты алаңдатып қойған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне қолдау білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Мөлдір Мұқанова екеуі жанұяларымен Түркістан қаласында жүр.
«Жаным Мөлдір, бәрі жақсы болады. Қасиетті киелі жерге келіп тұрмыз. Бар тілектеріміз орындалсын», - деп жазды ол.
Еске салсақ, соңғы уақытта ел арасында Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың ажырасып кеткені туралы қауесеттер тараған болатын.