Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада ұшаққа кешігіп қалған алматылық әуежайда шу шығарды

Астанада ұшаққа кешігіп қалған алматылық әуежайда шу шығарды
Сурет: газета.ру
Алматылық жігіт ұшақтан қалып қойғаны үшін полицияға қоқан-лоқы көрсеткен.

Астананың әуежайында алматылық азамат рейске кешіккеннен кейін жанжал шығарып, полиция қызметкерлерінің талабына бағынудан бас тартқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бас Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.

“Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағанымен қоймай, олардың ар-намысына тиюі мүмкін сөздер айтып, денсаулыққа зиян келтіремін деп ашық түрде қоқан-лоқы көрсеткен. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы жасалған қылмыс ретінде сараланды”, – делінген хабарламада.

Жолаушы кешіккен рейс туралы нақты ақпарат берілмеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар