+ 41 градусқа дейін ыстық: 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің кейбір аймақтарында шаңды дауыл тұрып, жаңбыр жауады.
Синоптиктер 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - дейді "Қазгидромет" РМК.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады деп болжануда. Ал күндіз Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында сынап бағаны +35...+39 градусты көрсетіп, аптап ыстық болады деп күтіледі.
Түркістан облысында 14 шілдеде сынап бағаны +40 градусқа дейін, ал Маңғыстау облысында + 41 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.