Басты жаңалықтар

“Тағдырым шешіліп жатқанын түсініп тұрсың ба?”: сот кезінде Перизат Қайрат көзіне жас алды

Сот барысында судья Перизат Қайратқа ескерту жасады.

3,5 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған  Перизат Қайрат сот барысында куәларға сұрақ қою кезінде судья Сабыржан Кәрімовтен ескерту алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі тілшісі.

Сотта "Жас Отан" жастар қанатының бұрынғы волонтері Сергей Матюшенко куәлік берді.

Перизат Қайрат Матюшенкодан BizBirgemiz қоғамдық бірлестігі құрылтай жиналысының №1 хаттамасына қол қоймағаны туралы сұрады.

Перизат Қайрат: Сергей, сәлеметсіз бе. Сіз қазір екінші хаттамаға шынымен де қол қоймағаныңызды растайсыз ба?

Сергей Матюшенко: Иә, растаймын, екінші хаттамаға мен қол қойған жоқпын.

Перизат Қайрат: Өтірік айтып тұрған жоқсың ба?

Сергей Матюшенко: Жоқ, мен өтірік айтып тұрған жоқпын.

Перизат Қайрат: Қазір менің тағдырым шешіліп жатқанын түсініп тұрсың ба?

Сергей Матюшенко: Перизат, мен екінші хаттаманы өз көзіммен көрдім. Онда менің қолым емес.

Перизат Қайрат куәге бірнеше рет бір сұрақты қайталап қойғанда судья оған ескерту жасады.