Қоғам

Алматыда ер адам сүйіктісінің әкесін бауыздап өлтірді деген күдікке ілінді

Ер адам сүйіктісінің әкесімен жанжалдасып қалып, оны өлтіріп тастады.

Алматыда ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Қылмыс жасөспірімдердің көзінше жасалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Астана" арнасы. Жаңалықтарына сілтеме жасап.

Алдын ала ақпарат бойынша жігіт сүйіктісінің өгей әкесімен жанжалдасып қалғаннан кейін оны пышақтап өлтірген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық себеппен, ер адамдар арасындағы ауызша жанжал кезінде жасалғаны анықталды", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.