Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды: сотталушы кінәсін мойындады
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адам сотта кінәсін мойындады.
Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты іс бойынша сот отырысы қайта жалғасты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі тілшісі.
Сот отырысы барысында прокурор Алмас Бертаев айыптау актісін оқыды. Баратовқа Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық"), 261-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Кепілге алу") және 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша айып тағылған. Прокурор процесті қысқартылған тәртіпте, яғни істің материалдарын зерттемей қарауды ұсынды.
Айыпталушы Машрапбек Баратов өз кінәсін мойындады.
Еске салсақ, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы жазған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды.