Алматыда газ жарылды: көлік аударылып, адамдар ауруханаға жеткізілді
- автор kyn.kz
- 16 шілде, 2025
- 113

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Бұқар жырау бульвары бойында болған. Жарылыс салдарынан автокөлік аударылып, жол жабыны зақымдалған. Аумақ қоршауға алынған. Автокөлік жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ мәліметінше, 16 шілдеде орташа қысымды жаңадан салынған жерасты газ құбырын сығымдау жұмыстары кезінде, мердігер ұйым "СантехКомплектГрупп" ЖШС жүргізіп жатқан жұмыстар барысында ауа қоспасы шығып кеткен. Оқиға салдарынан жол жабыны, бір ағаш және бір автокөлік зақымданған.
"Оқиға орнына қаланың барлық тиісті апаттық қызметі жедел түрде келді. Қазіргі уақытта учаскеге тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға орны қоршауға алынған, халыққа қауіп жоқ. Қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.