Әйелін аяусыз ұрды деп айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамашқа сот үкімі шықты
Астана сотында экс-дипломат әйелін қинағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш 2024 жылдың мамырында видео жариялап, 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін мәлімдеді. Сол жағдайдан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды. Біраз уақыттан кейін дипломаттың үстінен іс қозғалды.
Тергеу қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізілген.
Экс-дипломат 2025 жылдың сәуірінде қамауға алынды.
Бұған дейін прокурор Сәкен Мамашты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотта Сәкен Мамаштың 2014 жылдан бастап жәбірленуші Карина Мамашпен мен некеде тұрғаны, сол уақыт ішінде жәбірленуші екі бала дүниеге әкелгені, үй шаруасындағы әйел болғаны анықталды. Оған дипломаттың жұбайы ретінде жәрдемақы тағайындалған, бұл жәрдемақыны сотталушы Сәкен Мамаш алып отырған